Павлодарда балалар автобусымен соқтығысқан КамАЗ өрт сөндіруге кетіп бара жатқан

0
465

«КамАЗ» маркалы өрт сөндіру автокөлігі мен «ПАЗ-32053-70» маркалы мектеп автобусы соқтығысқан.


Павлодарда балалар автобусымен соқтығысқан КамАЗ өрт сөндіруге кетіп бара жатқан

ERNUR.KZ. Өрт Шығыс өндірістік аймақ, 905-ғимарат мекенжайында орын алған, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрт туралы хабар 6 қазан күні сағат 14:02-де келіп түскен.

"Оқиға орны № 4 өрт сөндіру бөліміне жақын орналасқандықтан шақыру орнына осы бөлімнің күштері мен құралдары жіберілді. КамАЗ базасындағы 5 тонналық және 8 тонналық автоцистерналар шақырту орнына дереу шықты. Щедрин-Елгин көшелерінің қиылысында шақыру жолында № 43 жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларын тасымалдайтын ПАЗ автобусымен 8 тонналық өрт автоцистернасының соқтығысуы орын алды", - деді департаментте.
Департаменттің хабарлауынша, автоцистерна Елгин көшесі бойымен қозғалғанда көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маягін іске қосқан және арнайы дыбыс сигналымен бағдаршамның қызыл түсіне қозғалып келе жатқанда, Щедрин көшесімен келе жатқан ПАЗ автобусы қозғалысын жалғастырып, өрт сөндіру автомобилін соққан.

"Көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маягі іске қосылған және арнайы дыбыс сигналы іске қосылған көлік құралдары жақындаған кезде жүргізушілер осы және олар алып жүретін басқа көлік құралдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол беруі тиіс", - деді департаментте.
Ал, өрт шыққан жерде жеке орналасқан, жұмыс істеп тұрған темір бетонды көлікжайда тұрмыстық үй-жайда жиһаз, үй заттары жалпы алаңы 20 шаршы метрде жанған.

"Өрт сағат 15:45-те жойылды. Оқиға орнында жеке құрамнан 18 адам және 7 бірлік техника жұмыс істеді, - деді департаментте.
Еске салайық, 6 қазан күні сағат 14.15-те Елгин-Щедрин көшелерінің қиылысында «КамАЗ» маркалы өрт сөндіру автокөлігі мен «ПАЗ-32053-70» маркалы мектеп автобусы соқтығысқан. Салдарынан автобус «Фольксваген» маркалы тұраққа қойылған автокөлікке барып соғылған.


ЖКО орнына барған жедел жәрдем бригадасы 10-15 жас аралығындағы сегіз балаға көмек көрсеткен. Оларда әртүрлі көгерулер анықталды, жарақат алған және стресске ұшыраған. Зардап шеккендердің кейбірінде контузия мен жабық бас миының жарақаты болуы мүмкін деген күдік бар.