Үшеуі де бір күнде коронавирус деген күдікпен провизорлық стационарға жатқызылып, кейіннен оларға пневмонияға диагноз қойылған.
ERNUR.KZ. Павлодарда бір тәулік ішінде үш дәрігер пневмониядан көз жұмды, деп жазады Stan.kz.
14 шілде күні Павлодарда өңірдің үш жетекші маманы: терапевт Дина Литвинова, 40 жылдық еңбек өтілі бар акушер-гинеколог Галина Жучкова және облыста танымал жетекші стоматолог-хирург Руслан Тургунбаев көз жұмды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, үшеуі де бір күнде коронавирус деген күдікпен провизорлық стационарға жатқызылып, кейіннен оларға пневмонияға диагноз қойылған.
"Әлі күнге дейін әріптестеріміздің жоқтығына сенбейміз. Олар жұмысын шексіз сүйді және сүйікті ісіне адал еді. Әрқашан мұқият, мейірімді, жауапты болды. Біз үшін бұл өте үлкен қайғы. Олардың қазасы облыс тұрғындарының қабырғасын қайыстырды", - дейді әріптестері.