Павлодарда есірткі салды деген күдікпен шетел азаматтары ұсталды

0
852

Бас прокуратураның хабарына қарағанда, ұсталған адамның телефонын тексеру барысында есірткі салған екі орын анықталды, онда осыған ұқсас заттары бар екі пакет алынды.


Павлодарда есірткі салды деген күдікпен шетел азаматтары ұсталды

ERNUR.KZ. Павлодар прокуратурасы бастамашылық еткен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы Түркия азаматы А-ны ұстады, одан ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакет тәркіленді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бас прокуратураның хабарына қарағанда, ұсталған адамның телефонын тексеру барысында есірткі салған екі орын анықталды, онда осыған ұқсас заттары бар екі пакет алынды.

Сонымен қатар тінту барысында ұсталған адамның үйінен есірткі салынған орауыш материал және "мефедрон" заты салынған пакет тәркіленді, мұны сараптама растады.

"Бұл факті СДТБТ-да ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 1,5-тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласу, ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасаған психотроптық заттардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелген. Тергеу сотының санкциясымен азамат А. екі айға қамауға алынды.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сыбайласы 1982 жылы туған РФ азаматы К. ұсталды, оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.