Павлодарда қайын жұртымен кездескен жігіт жансақтау бөліміне түсті

0
553

​Баламның жансақтау бөлімінде жатқанына 6 күн болды. Жағдайы өте ауыр, дейді анасы.


Павлодарда қайын жұртымен кездескен жігіт жансақтау бөліміне түсті

ERNUR.KZ. Павлодар қаласында түнгі клубқа барған 24 жастағы жігіт жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Оның туыстары асқан қатыгездікпен қылмыс жасағандарды жазалауды талап етіп отыр, деп жазады sputnik.kz.

"Баламның жансақтау бөлімінде жатқанына 6 күн болды. Жағдайы өте ауыр. Дене жарақаттарынан бөлек бас сүйегі екі жерден сынған, миға зақым келді. Қабырғасы сынды, өкпесі зақымданған. Жамбасы екі жерден сынды. Қазір ұлым өз өмірі үшін күресіп жатыр. Әйелі және екі жасар баласы бар. Бәріміз оның жазылғанын тілеп жатырмыз", - дейді жас жігіттің анасы анасы. Оның сөзін жансақтау бөліміне түскен жігіттің қарындасы Рената Жұмаділова өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Әлішердің анасы оқиғаның қалай болғанын да баяндады. Оның сөзіне қарағанда, мамырдың 28-іне қараған түні ұлын қайын жұрты түнгі клубқа шақырған. Әйелінің немере ағасы баласының дүниеге келгенін тойлап, дастарқан жайған.

"Ұлымды ең соңында шақырды. Ол кезде барлығы қатты мас болды. Балам лаундж барға түнгі сағат 1:07-де барды. Отырыста төрт жігіт және менің балам болды. 3:47-де біреуіне қоңырау шалып сұрағанда "оны ауруханаға алып кетті" деді. Ал полиция мен жедел жәрдем келгенде есікті бірден ашпапты. Олар 15 минуттай күтіп тұрған. Шамасы, қатты қорқып, өздері есін жиғызамыз деп ойлаған. Су шашты, ары-бері аударды. Бірақ ұлым алған жарақаттармен олай істеуге болмайды ғой", - деп жазды анасы.

Оның сөзіне қарағанда, түнгі клуб таңғы сағат 4:00-ге дейін жұмыс істеген. Бейнебақылау камералары жоқ.

"Полициядан арызды алып кетуге өтініштер де болды. Ақша ұсынды. Бірақ мен тек әділдікті ғана талап етемін!", - дейді ол.

Павлодар облыстық полиция департаменті қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

"Бұл оқиға Павлодар қалалық полициясының оңтүстік бөлімшесінде тіркелді. Отырысқа қатысқан барлық адам анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді полицейлер.