Ауруханада 136 қызметкер мен 252 науқас жатқан.
ERNUR.KZ. Бүгін Павлодарда екі аптаға каратинге жабылған аурухананың дәрігерлері үйіне жіберілді, - деп жазады тengrinews.kz тілшісі.
№ 1 аурухананың бас дәрігері Советхан Смақовтың айтуынша, ауруханадан карантинді алып тастау алдында барлық медициналық қызметкер коронавирусқа қорытынды тест тапсырып шыққан.
"Барлығының тест қорытындысы теріс болып шықты, осыған байланысты біз оларды үйіне жібереміз, науқастарды да ауруханадан шығарамыз. Ертең ауруханамыз әдеттегі режим бойынша жұмыс істейді. Шамамен он ота жасау жоспарланып отырмыз. Жаңа науқастардың көп болуына байланысты екі ауысыммен жұмыс істейтін шығармыз. Біз дайынбыз", - дейді Смақов.
Осылайша, бүгін 22 сәуірде медициналық қызметкерлер далаға шықты. Карантиннен шыққан дәрігерлер эмоцияларын жасыра алмады.
Айта кетейік, карантинге жабылған аурухананың дәрігерлері осы күнге дейін ондағы науқастарды емдеп, ота жасап келген. Ауруханада 136 қызметкер мен 252 науқас жатқан.
Еске салайық, № 1 қалалық аурухана 9 сәуірде карантинге жабылған болатын. Аурухана 84 жастағы ер адамнан коронавирус анықталып, кейіннен ол қайтыс болған еді.