Павлодарда корпоративтік қор президенті бюджеттен 19 миллион теңге ұрлаған

0
588

Сот оны бес жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.


Павлодарда корпоративтік қор президенті бюджеттен 19 миллион теңге ұрлаған

ERNUR.KZ. Павлодарда зейнеткер бюджеттен 19 миллион теңгеден астам қаражат ұрлаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 62 жасар Павлодар тұрғыны 1, 2, 3 топтағы мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, еңбекке, мәдениет пен спортқа баулуды, әлеуметтік оңалтуды, интеграцияны жақтайтын бірлестікке жіберілетін көмек пен қолдау көрсететін корпоративтік қордың президенті болған. Сотталушы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, қордың вице-президентімен сөз байласып, мүгедектерге көмек көрсетуді жүзеге асыратын адамдарға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған бюджет қаражатын заңсыз алдау жолымен ұрлады. Олар осы ұйымда жұмыс істемейтін адамдармен жалған еңбек шарттарын жасасқан. Осылайша, 19 млн теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланды.

«Сотталған адам өзінің кінәсін түсініп, жасаған ісіне өкінеді. Ол Абай облысы бойынша әйелдер колониясына келгеннен кейін мекеме қызметкерлері сотталушының құқықтары мен міндеттерін түсіндірді», – деді мекеме бастығының орынбасары Анар Сәбиева.

Сот сотталғанды ҚР ҚК 190-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған бес жыл мерзімге мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.