Павлодарда құлаған үй: жарақат алған Өзбекстан азаматтары ауруханадан шығарылды

0
379

Қалада құрылысы жүріп жатқан үй құлап, салдарынан үш адам зардап шеккен еді.


Павлодарда құлаған үй: жарақат алған Өзбекстан азаматтары ауруханадан шығарылды

ERNUR.KZ. Павлодар қаласының орталығында салынып жатқан үйдің құлауынан зардап шеккен екі шетелдік жұмысшы амбулаториялық бақылауға жіберілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«28 және 34 жастағы Өзбекстан азаматтары бірінші қалалық аурухананың политравма бөлімінде болған. Енді олар ауруханадан шығарылды. Жағдайлары қанағаттанарлық. Әрі қарай олар амбулаториялық бақылауда болады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Еске салайық, Павлодарда құрылысы жүріп жатқан үй құлап, салдарынан үш адам зардап шекті. Зардап шеккендер 1-қалалық ауруханаға жеткізілді.

Торайғыров көшесі, 75/3 мекенжайы бойынша салынып жатқан үш қабатты үй жартылай құлаған. Оқыс жайттың орын алуына едендердің бұзылуы себеп болған. Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, екі қабаттағы құлаған аумақтың алаңы 60 шаршы метрді құрады.

Үй құлаған кезде зардап шеккен Өзбекстан азаматтары заңсыз жұмыс істеген. Кінәлі адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін.