Павлодарда Қытай азаматы суға батып кетті

0
499

​Жазатайым оқиға жағалаудан 25-30 метр жерде болған.


Павлодарда Қытай азаматы суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ертісте шомылған Қытай азаматы суға батып кетті, деп жазады sputnik.kz.

11 маусымда құтқару қызметінің пультіне Павлодардың орталық жағалауында 1998 жылы туған ер адамның суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
10 сүңгуір құтқарушы Ертіс өзенінің 600 метрін тексеріп шықты, әзірге нәтиже жоқ.
Полицияның мәліметінше, жас жігіт С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті болған.