Павлодарда металл бұйымдарын өңдейтін зауыт салынады

0
476

Өндірісті 2024 жылы іске қосу жоспарланып отыр.


Павлодарда металл бұйымдарын өңдейтін зауыт салынады

ERNUR.KZ. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуетті инвесторлармен – "Еуразия механикалық зауыты" ЖШС және испаниялық "Nicolas Correa S.A." компаниясының өкілдерімен кездесті, деп жазады sputnik.kz.

"Еуразия механикалық зауыты" ЖШС өңірде металл бұйымдарын өңдейтін жоғары технологиялық роботтандырылған зауыт салуға және фрезерлік станоктар шығаруға ниетті.
Кәсіпорын электр станцияларының турбиналарына, карьерлік экскаваторларға, бұрғылау жабдықтарына арналған бөлшектерді және теміржол дөңгелектерін өндіруді жоспарлап отыр. Инвестициялардың көлемі – 7,3 млрд теңге, жылына 9 мыңға дейін бұйым шығарады. Өндірісті 2024 жылы іске қосу жоспарланған.
Кәсіпорынның серіктесі – Nicolás Correa компаниясы фрезерлік станоктар бойынша еуропадағы көшбасшылардың бірі және өнімдерін әлемнің 20-дан астам еліне экспорттайды.
Облыс әкімі бұл жоба іске асатын болса өңірдің экспорттық қоржынын кеңейтіп, тұрғындар үшін 60-тан астам тұрақты жұмыс орны құрылатынына сенім білдірді.
"Дайын металл бұйымдарының өндірісі өңірдің кәсіпорындары тарапынан сұранысқа ие. Біз инвестициялық серіктестікті дамытуға мүдделіміз", - деп атап өтті Асайын Байханов.