Іздеуге еріктілер мен жанашыр азаматтар, ауыл тұрғындары қосылды.
Бірінші күннен бастап жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамның тұрған жерін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел-тергеу тобын құрып, өңірдің барлық аумақтық бөлімшелеріне бағдарлар берілген.
«Тұрғын емес үйлер, бос жерлер, су айдындары, шалғындар, сайлар, шұңқырлар, ағаш отырғызу, ауыл шетіндегі жерлер, қараусыз қалған құрылыстар тексерілуде. Дала аймағы мен шалғындарда квадракоптер пайдаланылды. Полицияда профилактикалық есепте тұрған адамдардың тұратын жерлері тексеріледі. Іздеуге еріктілер мен жанашыр азаматтар, ауыл тұрғындары қосылды», - дейді департаменттегілер.
2022 жылы 30 сәуір күні Тереңкөл ауданының полиция бөліміне ер адам 27 жастағы ұлы Дархан Байтоқты іздеуге көмектесу туралы өтінішпен жүгінген. Ол 30 сәуір күні сағат 03:00 шамасында Қарасұқ ауылынан 1 км қашықтықта белгісіз бағытқа бет алған және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, ер адам өз ауылы мен үйінен шамамен бір шақырым жерде орналасқан үйде 13 досымен бірге көңіл көтерген. Ал түнгі сағат екіден кейін үйіне жиналған, бірақ отбасына сол күйі оралмаған.
Полиция департаментінде Дархан Байтоқ туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 телефон нөміріне хабарлауды немесе Police 102 мобильді қосымшасын, dp_pavlodar инстаграм парақшасына ақпарат қалдыруды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.