Павлодарлық қария дені сау болса да 15 жылын жындыханада өткізген

0
1 206

Азамат онда 10 жыл бойы комаға әкелетін инсулин-коматозды терапия қабылдаған екен.


Павлодарлық қария дені сау болса да 15 жылын жындыханада өткізген

ERNUR.KZ. Дені сау Павлодар тұрғыны дәрігерлер қателігінен 15 жылын психоневрологиялық диспансерде өткізген, деп жазады NUR.KZ.

Өзінің ауру емес екенін зейнеткер ресейлік дәрігерлер арқылы ғана дәлелдей алыпты.

Елубайды 40 жыл бұрын бұрынғы әйелі мен оның туыстары заңсыз түрде Атырау облыстық психиатриялық ауруханаға жатқызған. Азамат онда 10 жыл бойы комаға әкелетін инсулин-коматозды терапия қабылдаған екен.

Ал кейінірек жақсы адамдардың көмегімен қария Павлодардағы психдиспансерге ауысып, онда тағы бірнеше жылын өткізіпті.

Зейнеткердің айтуынша, ол Қазақстанда өзінің ақыл-есі дұрыс екенін дәлелдей алмаған. Сол себепті, Мәскеудегі тәуелсіз эксперттерге жүгінген екен.

Сербский орталығының сарапшылары Елубайдың дені сау екенін және оның ешқандай психикалық ауытқышулығы жоқ екенін көрсеткен.

Енді зейнеткер кінәлілерді жазаламақ. Ол диспансерлерді сотқа беріп, үш миллион теңге алғысы келеді. Қария өзі жатақханада тұрғанымен, бұл ақшаны қайырымдылық қорына өткізбекші.