67 жастағы зейнеткер немересінің сабағына көмектесіп отырған кезде бала байқаусызда саусағын дәптердің шетіне кесіп алған.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Павлодарда енесі мен күйеу баласы төбелесті, деп жазады Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны полицияға қоңырау шалып, қайын енесі баласының қолын кескенін айтып шағымданған.
"Шақыртуға шыққан учаскелік полиция инспекторы 34 жастағы тұрғын енесінен балаларымен бірге отыруды өтінгенін анықтады. 67 жастағы зейнеткер немересінің сабағына көмектесіп отырған кезде бала байқаусызда саусағын дәптердің шетіне кесіп алған. Үйге оралған күйеу бала баланың саусағындағы қанды көріп, ашуланып кеткен. Туыстар арасындағы ауызша жанжал төбелеске ұласқан", - дейді департаменттегі мамандар.
Аталған факті негізінде жанжалға қатысушыларға Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижесі бойынша шешім қабылданады.