Педагогика мамандықтарына түсу үшін ең төменгі көрсеткіш 70 балға дейін көтерілді

0
747

Педагогика мамандықтарына түсу үшін талап күшейтілуде.


Педагогика мамандықтарына түсу үшін ең төменгі көрсеткіш 70 балға дейін көтерілді

ERNUR.KZ. Биыл педагог мамандығына үміткер түлектерге шекті балл көтерілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«ҰБТ белгіленген мерзімде, яғни, 25 маусымнан 5 шілдеге дейін санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы 161 пунктте өткізіледі. Биыл ҰБТ қағидаларына бірнеше жаңашылдықты да енгіздік. Атап айтқанда, ҰБТ-ға қатысу үшін кіру кезінде бет-әлпетін тану Face ID көмегімен тұлғаны сәйкестендіру алғаш рет қолданылады. Жылда берілген қағаз сертификаттың орнына ҰБТ электронды сертификаты және білім беру грантын тағайындау кезіндегі электронды куәлікті енгіздік», - деді министр.

Оның атап өтуінше, халықаралық тестілердің балдарын ҰБТ ұпайына аудару шкаласы енгізілген. Сондықтан мұндай халықаралық сертификаттары бар тұлғалар ҰБТ-дан босатылады және білім беру грантын тағайындау конкурсына осы ауысқан балдары арқылы қатыса алады.

«Академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамаған тұлғалар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие. Педагогика мамандықтарына түсу үшін талап күшейтілуде. Бұл туралы Президенттің тапсырмасы да бар. Мәселен, педагог болу үшін шекті балл алдыңғы жылы 50-ден 60-қа көтерсек, биыл оны 70 балға дейін көтеріп отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.