Педагогтерге тіл тигізгендер қанша теңге айыппұл төлейді

0
1 318

Жеке тұлғалардың педагогке тіл тигізгені үшін отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.


Педагогтерге тіл тигізгендер қанша теңге айыппұл төлейді

Педагогтерге қатысты "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңын бұзғаны үшін көзделген айыппұлдарды ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жеке тұлғалардың педагогке тіл тигізгені үшін отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

егер жыл ішінде қайталанса, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады;

Кәмелетке толмағандардың педагогке тіл тигізгені үшін ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

егер жыл ішінде қайталанса, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

Педагогті өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартқаны үшін ескерту беріледі;

егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айыппұл салынады;

Қарастырылмаған есептілікті талап еткені үшін ескерту беріледі;

егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген тексерулер жүргізгені үшін ескерту беріледі,

егер жыл ішінде қайталанса, жиырма айлық есептік көрсеткіштен жүз жиырмаға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады;