Перзентхананың бас дәрігері пара алғаны үшін 6 млн теңге айыппұл төлейді

0
788

Алматы қаласы №1 перзентхананың бас дәрігері пара алу кезінде ұсталған болатын.


Перзентхананың бас дәрігері пара алғаны үшін 6 млн теңге айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы №1 перзентхананың бас дәрігері Наурызбай Рақышев пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп жазады baq.kz.

«Алмалы аудандық сотының үкімімен Рақышев пара алғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚР ҚК 366-бабының 2-тармағы). Оған 6 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Осы жылдың тамыз айында Алматы қаласы №1 перзентхананың бас дәрігері пара алу кезінде ұсталған болатын.

«Рақышев перзентхана ғимаратында бөлмені жалға алып отырған кәсіпкерден келісімшартты үзбес үшін ай сайын 200 мың теңге төлеп отыруды талап еткен», - дейді қалалық соттағылар.