Полиция ғимаратты қоршауға алды.
ERNUR.KZ. Петропавл орталығында көпқабатты үй көк түтінге оранды, деп жазады Tengrinews.kz.
21 ақпанда түстен кейін қала орталығындағы Интернациональная көшесі, 21 үйде орналасқан бес қабатты ғимараттың шатыры өртенді.
Куәгерлердің айтуынша, жатақхана көк түтінге оранған. Жақын маңдағы үйдің тұрғындары қатты тарсыл естіген.
Ғимаратта дүкен, жануарлар клиникасы және дәмхана бар. Қазір қаланың өртке қарсы күзет қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Полиция ғимаратты қоршады.