Петропавлда көшеде қару ұстап жүрген мас жігіт ұсталды

0
733

Алынған қару сараптамаға жіберілді.


Петропавлда көшеде қару ұстап жүрген мас жігіт ұсталды

ERNUR.KZ. Полицияның бейнебақылау камералары көмегімен көшеде карабин ұстап жүрген мас петропавлдық анықталды, деп жазады Polisia.kz.

Қоғамдық орындарға мониторинг жүргізу барысында Петропавл қалалық ПБ Жедел басқару орталығының инспекторы Саида Тажетдинова Набережная көшесінің бойында атыс қаруына ұқсас затпен жүрген ер адамды байқаған.

Ақпарат жедел барлық нарядтарға жолданып, оқиға орнына автопатруль мен учаскелік полиция инспекторлары жіберілді. Ер адам ұсталды. Шынында өзімен бірге карабині болған, сондай-ақ ол масаң күйде болған. Ол қаруды бір ай бұрын саяжай қоғамдастығының бірінде саяжайдағы үйді демонтаждау кезінде тауып алғаны белгілі болды. Қару еденнің астында матаға оралған күйде болған. Ер адам қаруды үйіне алып барып, тоттан тазартқан.

Сондай-ақ ол сол күні карабинді өзі әкеліп, полиция тапсырмақ болғанын түсіндірді. Алайда жақын маңдағы полиция бөліміне жете алмады, қаланың адал азаматтары мен бейнебақылау камераларының арқасында полицейлер өздері шұғыл келген. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚтК 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда қарудың қайдан алғаны анықталуда. Аталған факті ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімне енгізілді.

Алынған қару сараптамаға жіберілді. Тәркіленген қару карабин КО-44 болып табылатыны, бекіткіш тетігінің жоғы және сериялық нөмірі қайта соғылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша түпкілікті процестік шешім сараптама нәтижелерінен кейін қабылданады.