Пәтердегі өрттің алдын ала себебі – электр желілерінің қысқа тұйықталуы.
ERNUR.KZ. Петропавлда екі қабатты тұрғын үйде өрт болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, екінші қабаттағы пәтер жанып кеткен. Өрт сөндірушілер келген кезде қатты түтін байқалған, ашық жалында үйдің қабырғалары мен төбесі жанып жатқан.
Өрт болған жерден 48 жастағы ер адам құтқарылды. Бетін 1-2 дәрежелі күйік шалған оны қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Екі қолы, денесі және жоғарғы тыныс алу жолдарын күйік шалған. Денесінің 25%-ы жанған. 71 жастағы үй қожайыны өрттен көз жұмды. Оның денесін өрт сөндірушілер тауып алды.
Үйден 11 адам, оның ішінде бір бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер 3 газ баллонын шығарды.
Пәтердегі өрттің алдын ала себебі – электр желілерінің қысқа тұйықталуы.
Жыл басынан бері аймақта 39 адам өрттен қайтыс болса, 28 адам жарақат алған. 42 солтүстік қазақстандықты құтқарып алған.