Тергеу, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Қаланың ортасында 18 жасар қыз құрылысы аяқталмаған көппәтерлі тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кетті, деп жазады Stan.kz.
«Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің студенті, 2000 жылы туған қыз Сатущев-Пушкин көшесінің қиылысында салынып жатқан 13 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден құлап қаза болды. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлімі бойынша "Өзін-өзі өлтіру" бойынша алдын-ала тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бірқатар қажетті тексерулер жүрді, тергеу жүргізілуде», - деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша полиция бөлімінің баспасөз қызметі.