Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеген.
ERNUR.KZ. Кеше сағат 23:14-те Петропавл қаласында Назарбаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйден өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өрт болған пәтерден 1974 жылы туған әйелдің денесі табылды. Сондай-ақ 1962 жылғы пәтер иесі құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.
Көпқабатты үйдегі 25 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды.
рт сағат 23:53-те ауыздықталды.
Куәгерлердің айтуынша, пәтер иелері алкоголь тұтынған. Өрттің шығу себебі анықталуда