Петропавлға бес бекет қойылды

0
656

Бекетте полицейлер, мейірбикелер және де санитар мамандар күні-түні 12 сағат сайын ауысып жұмыс істейді.


Петропавлға бес бекет қойылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында 5 карантиндік бекет жұмыс істеуде, деп хабарлайды Хабар24.

Оларды күніне мыңдаған көлік кесіп өтеді. Жүргізушілер мен жолаушыларға қандай тәртіп қойылған?

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылына карантиндік бекет қойылды. Қарашаның 9-ы Петропавлдың кіреберіс жолдарына осындай 5 бекет қойылған. Бұл жерде полицейлер, мейірбикелер және де санитар мамандар күні-түні 12 сағат сайын ауысып жұмыс істейді.

Бұл бекет – ең негізгісі. Өйткені ар жағы Нұр-Сұлтаннан, бер жағы Қостанайдан келетін жүк көліктері, жеңіл көліктері Петропавлға дәл осы жерден өтеді. Жалпы, Петропавлға бет алған жолаушылар өзімен бірге коронавирусқа тапсырылған тестің оң нәтижесін немесе жұмыс орнынан рұқсат қағаз алуы тиіс. Онсыз тек дәрігерлерге, жол жөндеушілерге, азық-түлік тасымалдаушыларына және емделуге келе жатқан адамдарға өтуге рұқсат.

Полицейлердің айтуынша, көлік нөмірі негізінен таңғы 8-ден 10-ға дейін болады. Қазір, міне, 10 шақты көлік тұр. Бұл жерде екі жолақ ұйымдастырылған. Бірінен жүк көліктері, екіншісінен жеңіл көліктер өтеді.

Жалпы, бұл блокбекеттер цифрландырылған. Кеше 5 блокбекетке 15 «ақылды» камера орнатылды. Ол бойынша енді осы жаққа келетін жүргізушілер рұқсат қағаздарын ақпараттық базаға алдын ала жібере алады. Ол арқылы осы жерден өтуге еш кедергі болмайды.