Пандемия кезінде жолаушылар пойызы ғана тоқтатылған, ал жүк пойыздар Қазақстан ішінде жүріп жатыр.
ERNUR.KZ. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы" АҚ-ның Маркетинг және жоспарлау жөніндегі бас директордың орынбасары Мұхтар Махамбет брифинг барысында айтты, деп жазады baq.kz.
Оның айтуынша, пандемия кезінде жолаушылар пойызы тоқтатылған. Ал жүк пойыздар Қазақстан ішінде жүріп жатыр.
"Пойыздар 1 маусымнан басап жүре бастайды. Дегенмен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады. Пойызға кірерде адамдардың дене қызуы тексеріледі. Онған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бірінші кезекте жолаушылардың өзіне қатысты. Әркім жеке басының қауіпсіздігі үшін маскасын, қолғабын киюі керек. Рұқсат берді екен деп вагондар арасында оңды-солды жүре бермегені жөн",-деді ол.Сонымен қатар, ол төтенше жағдай кезіндегі екі айда жүк тасымалы жоспары төмендемегенін айтты.
Бұл кезде кейбір жерде жүк тасымалы төмендегенімен, қосымша жүк тасымалдар шығып тұрды. Сондықтан жалпы жоспар төмендеген жоқ. Біздің мекеме карантин кезінде көптеген тұтынушыларға, яғни тауар жіберумен айналысатын фирмаларға жеңілдіктер жасады,-деді Мұхтар Махамбет.Бұған дейін, "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның Жүк тасымалындағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған едік.