Полиция Ақтөбеде анасы мен баласын айуандықпен өлтірген күдікті қалай анықталғанын айтты

0
443

Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған ұлының мәйіті табылған.


Полиция Ақтөбеде анасы мен баласын айуандықпен өлтірген күдікті қалай анықталғанын айтты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының полицейлері екі бірдей адам өлімі болған қылмысты ашты. Тәртіп сақшылары осы қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп жазады zakon.kz.

Полиция 29 наурыз күні Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған ұлының мәйіті табылғанын еске салды. Әйелдің 13 жасар қызы Облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне ауыр жарақаттармен жатқызылған еді.

"Бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деп анықталып, ұсталды". Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлер бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталғанын нақтылады, ол жиналған дәлелдемелердің салмағымен қылмыс жасағанын мойындады.

"Күдікті қамауға алдынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат таратылуға жатпайды". Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі