Полиция "Дикий Арман ұсталғаны" түсірілген видеоға түсінік берді

0
523

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі ойын-сауық мекемелерінің бірінде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шара өткенін мәлімдеді.


Полиция

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда "Дикий Арман" лақапатымен танымал қылмыс әлемнің серкесі ұсталғаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

"Дикий Арман" лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевке ұқсайтын адамның ұсталғаны түсірілген видео Instagram-да жарияланған. Жазбада "Алиба Семский" лақапатымен танымал тағы бір қылымыс әлемінің серкесі ұсталды деген болжам жасалған.

"Елордадағы элиталы мейрамханада олардың отырысын арнайы күштер бұзған. Олардың бәрі алдын алу шаралары үшін полиция бөліміне жеткізілді", - делінген видео жазбасында.

Oinet.kz сайты құқық қорғау органдарының қызметкерлері бір топ адамды қалай ұстағаны түсірілген видео жариялады.




Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға түсінік берді.

"Ойын-сауық мекемелерінің бірінде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде полиция қызметкерлері алты адамнан тұратын бір топ адамды ұстады. Барлығымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция департаменті тұрақты негізде қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді", - деп хабарлады полицейлер.