​Полиция қызметкері парадан бас тартты (видео)

0
1 494

Заң бұзушы тәртіп сақшысына 10 мың теңге пара ұсынған.


​Полиция қызметкері парадан бас тартты (видео)

ERNUR.KZ. Қостанай облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері жедел-профилактика шарасы кезінде полицейге пара бермек болған 28 жастағы азаматты құрықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады nur.kz.


Өзіндік қауіпсіздік қызметінің басшысы Алтынбек Шүйіншалиевтің сөзінше, полиция қызметкері Volkswagen көлігін тоқтатқан. Көліктің нөмірі болмаған, ал темір тұлпарды тізгіндеген ер адам жүргізуші куәлігінен айырылған болып шыққан.

Жауапкершіліктен жалтару мақсатында заң бұзушы тәртіп сақшысына 10 мың теңге пара ұсынған.

Полицей ақшадан бас тартып, өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарласқан. Ведомство қызметкерлері оқиға орнына келіп, ер адамды тұтқындаған. Ақша тәркіленген.

10 мың теңгеден бас тартқан офицер, басқаша істей алмадым деп отыр. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 367 бабы бойынша тергеу жүргізілуде.