Премьер-Министр алдағы мереке күндерге байланысты бірқатар тапсырма берді

0
726

Премьер-Министр Ішкі істер министрлігіне күшейтілген режімде жұмыс істеп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.


Премьер-Министр алдағы мереке күндерге байланысты бірқатар тапсырма берді

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Министрлер кабинеті мен облыс әкімдеріне бірқатар тапсырма берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алдағы мереке күндері өңірлердің әкімдері барлық қызметтердің кезекшілік кестесін қатаң сақтауы қажет. Жылумен және электрмен жабдықтау тұрақты болуы керек. Алдын ала болжам бойынша, қаңтар айында қатты аяздар күтілуде. Сонықтан барлық параметрлер нормаларға сәйкес болуы тиіс. Әкімдер жылыту маусымын жеке бақылауда ұстауы керек. Энергетика министрлігіне жылу орталықтарындағы қазандықтар мен жағармай станциялардағы отын қорын бақылауды тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Ішкі істер министрлігіне күшейтілген режімде жұмыс істеп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

«Жаңажылдық іс-шаралар өткізу орындарындағы өрт қауіпсіздігі және қоғамық тәртіп мәселелеріне мониторинг жүргізу қажет. Сонымен қатар, автокөліктердің жолдағы қауіпсіздігі бойынша алдын алу шараларын уақытанда қабылдау қажеттілігін тағы да ескертемін»,- деді ол.

Осы орайда Асқар Мамин Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа бұл мәселелерді бақылауға алуды тапсырды.

«Жалпы бақылау Роман Васильевич сізге жүктеледі»,- деді Үкімет басшысы орынбасары Роман Склярға қарата.