Президент Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша тапсырма берді

0
355

«Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның маңызды әрі ірі қалаларын басып алды.


Президент Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша тапсырма берді

Мемлект басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді тапсырды. Бұл туралы ҚР Президенті твиттер парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырылды. Кабулдағы Қазақстан елшілігі шағын құрамда жұмыс істеуде. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр», - деп жазды Президент.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлект басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізгені туралы хабарланды.

«Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның маңызды әрі ірі қалаларын басып алды. Халықаралық ұйымдар дабыл қағып Ауғанстанда соңғы 72 сағатта ондаған бала қаза тапқанын жариялады. Сондай-ақ, ҚР дипломатиялық миссиясы Кабулда шектеулі құрамда жұмысын жалғастыруда.