Қолданысқа енгізілген заң ауылдық жерлердегі халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендетуді қарастырады.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.