Президент Фируза Шәріпованы жеңісімен құттықтады

0
586

Шәріпова танзаниялық Хэппи Даудимен жұдырықтасты, қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.


Президент Фируза Шәріпованы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фируза Шарипованы әлем чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Талантты спортшы Фируза Шарипованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.



Еске салайық, қазақстандық Фируза Шарипова танзаниялық Хэппи Даудиді жеңген еді. Дауди Шарипованың бірнеше соққысын жіберіп алып, бесінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.