Президент ҚХА отызыншы сессиясын шақыру туралы құжатқа қол қойды

0
548

Сессия 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.


Президент ҚХА отызыншы сессиясын шақыру туралы құжатқа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын шақыру туралы

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.