Президент өңір әкімдерін қабылдады

0
1 283

Мемлекет басшысы облыс әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді.


Президент өңір әкімдерін қабылдады

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовті, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановты және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевті қабылдады, деп жазады aikyn.kz.


Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті азаматтардың өмір сүру деңгейін арт­тыру мақсатында әділ әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуына ба­сымдық беру керек екенін атап өтті.

– Облыс басшылығынан аталған мақсаттарға жету бағытында бас­тамалар мен нақты шаралар қабылдау талап етіледі, – деді Қа­сым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол Жамбыл облысын одан ары дамыту туралы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Мем­лекет басшысына Қызылорда облысын 2022 жылға дейін ке­шенді дамыту жоспарының негізгі қол жеткізілген көрсеткіштері туралы есеп берді. Сондай-ақ әкім Қазақстан Президентінің өңірге жұмыс сапары барысында берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыс халқының әл-ауқатын арт­тыруға және өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге бағыт­талған тиімді шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топта­рының, соның ішінде көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешу үшін Қарағанды облысында қабылданған шаралар туралы баяндады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына өңірдің биылғы 4 ай­дағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті облыс әкіміне өңірге тартылатын ин­вес­тиция көлемін арттырып, өнеркәсіп өндірісінің өсімін қам­тамасыз етуді, сондай-ақ облыс орталығы мен ірі қалаларда тұр­ғын үй құрылысы мен инфрақұрылым салу қарқынын жедел­детуді тапсырды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстан Пре­зидентіне Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан қаласындағы құры­лыс және әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі нысандарын салу барысы жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы облыс әкім­деріне бірқатар нақты тапсырма берді.