Президент СҚО-ға қоныс аударғандарға арнап салынған үйлердің сапасын тексеруді тапсырды

0
429

Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады.


Президент СҚО-ға қоныс аударғандарға арнап салынған үйлердің сапасын тексеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы «Казахстанская правда» газетінде 24 мамыр күні жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады», - делінген ақпаратта.