​Президент Светлана Жақыпованы жаңа қызметке тағайындады

0
467

Светлана Жақыпова 1968 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.


​Президент Светлана Жақыпованы жаңа қызметке тағайындады

Президент Светлана Жақыпованы жаңа қызметке тағайындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылғы 28 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік осал санаттары құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы" жарлыққа қол қойды.