Әлемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстанда «Жастардың даму индексін» енгізген жөн.
ERNUR.KZ. Депутаттар «жастардың әлеуметтік қызметтері» деген ұғымды заң жүзінде рәсімдеуі керек. Бұл туралы Қ.Тоқаев жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында мәлімдеді, деп жазады 24.kz.
«Әлемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстанда «Жастардың даму индексін» енгізген жөн. Жергілікті атқару органдарының жастар саясатын жүзеге асыруға қатысты жұмысы соның негізінде бағаланады», - деді Президент.