Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

0
4 177

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.


Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.

Руслан Желдібай 2022 жылы ақпанда премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалған еді.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. "Болашақ" бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған. 2012-2018 жылдары - "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018-2019 жылдары - ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.

2019-2020 жылдары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.