Прокурорының аға көмекшісі пара алды деген күдікпен ұсталды

0
1 441

Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"29 наурызда Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті қызметкерлерімен Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д.Әбдіхалық және бұрын істі болған А.Өтешбаев ұсталды. Д.Әбдіхалық 1,2 миллион теңге мөлшеріндегі параны А.Өтешбаев арқылы алуға оқталғаны үшін айыпталды. «Ақшалай қаражат Тараз қаласындағы ЖД 158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру (қоныс колониясы) мәселесін шешу үшін берілмек болған»,- делінген ведомство таратқан хабарламада.

Бас прокуратура мәліметінше, қазіргі таңда екеуі де ұсталып, Тараз қаласындағы ІІБ-ның уақытынша ұстау изоляторына жеткізілді. Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді.