Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді.
ERNUR.KZ. 2018 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы расталған хабарламалар үшін 180 азамат 25,8 млн теңгеге ынталандырылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.
«Тіркелген жемқорлық қылмыстарының бірқатары бей-жай емес азаматтардың өтініші арқылы анықталды. Биыл сыбайлас жемқорлық фактілері туралы расталған хабарламалар үшін 180 азамат 25,8 млн теңгеге ынталандырылды. Жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысы сапасының артуы сондай-ақ азаматтық бақылау, барлық мақсатты топтармен кең көлемді ақпараттық түсіндірмелі жұмыстар бойынша өңірлік ҮЕҰ белсенді жадануы, жағдайды жақсартудың маңызы аз емес факторы болды», - деді Жанна Бастарова.
Естеріңізге сала кетейік, Жанна Бастарова Ұлттық бюро жыл басынан бері қанша сыбайлас жемқорлық фактісін анықтағаны туралы және сыбайлас жемқорлық қылмысы азайған органдар жайлы айтқан болатын.