Ресейде өлтірілген екі қазақстандық террористер және экстремистер тізіміне енгізілді

0
619

9 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейдің қауіпсіздік қызметімен атыс кезінде екі қазақстандықтың көз жұмғанын растаған.


Ресейде өлтірілген екі қазақстандық террористер және экстремистер тізіміне енгізілді

ERNUR.KZ. Ресейде атыс кезінде қаза тапқан екі қазақстандық террористер және экстремистер тізіміне енгізілді, деп жазады stan.kz.

Бұл жөнінде ресейлік телеграм-арналар жазды. 14 наурызда жаңартылған тізімде Сәбит Әшіралиев және Жәнібек Тасқұлов атты екі адамның аты-жөні де бар. Бұл ресейлік ASTRA телеграм-арнасы жазған Ресейдің Калуга облысында 7 наурызда атып өлтірілген екі адамның аты-жөнімен сәйкес келеді.

Бұған дейін 9 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейдің қауіпсіздік қызметімен атыс кезінде екі қазақстандықтың көз жұмғанын растаған.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше көз жұмғандардың қазақстандықтар екені және олардың Ресейге шыққаны расталып отыр.

"Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.

Олар Мәскеудегі синагогада теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікке ілінген. Тінту кезінде қазақстандықтар болған үйден қару-жарақ тәркіленген.