Бұл дәрі-дәрмек бір айға жеткілікті.
Алматы әуежайына тоқтаған Азаматтық авиацияның екі борты Мәскеуден 55 тонна медициналық дәрі-дәрмек жеткізді, онда коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеуге арналған, вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін препараттар, антикоагулянттар мен антибиотик бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жуырда Қазақстан дәріханаларына 150 мыңға жуық азитромицин таблеткасы, миллионға жуық цефтриаксон, тамифлю препаратының 150 мың пакеті, арбидолдың 50 мың орамасы және арнайы рейстермен келген басқа да қажетті медициналық препарат түседі.
Бұл дәрі-дәрмек бір айға жеткілікті. Келген дәрі-дәрмектер біркелкі үлестіріліп, жақын күндері өңірлерге жедел жеткізіледі.
Осы борт келесі аптада Үндістаннан да дәрі-дәрмек тасымалдайды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттыру және дәрі-дәрмектерге барлық қажеттілікті жабу мақсатында мұндай іс-шаралар ай сайын ұйымдастырылатын болады.
Дәрі-дәрмекті азаматтық авиация комитетінің арнайы борттарымен жедел жеткізу - нарықты жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмекпен жедел қамтамасыз ету үшін Үкімет әзірлеген шаралардың бірі. Мұндай рейстер Қазақстандағы дәріхана желілерін тұрақты түрде дәрі-дәрмекпен толықтырып отырады.