Оның пікірінше, бұл РФ-ның қауіпсіздігін толық қамтамасыз етеді.
ERNUR.KZ. Ресей Федерациясы Қазақстан, Польша, Молдова және Балтық елдерін "денацификация және демилитаризациялауы" керек. Бұл туралы Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Украинаны демилитаризация және денацификациялау Украина, Ресей және бүкіл Еуропа халқына тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ресей Федерациясының қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін Украинадан басқа денацификация және демилитаризация аймағына Балтық елдерін (Литва, Латвия, Эстония), Польша, Молдова және Қазақстанды қосу орынды деп санаймын", - деп жазылған ресейлік депутаттың құжатында.