Ревакцинация: «Спутник-V» екпесін салуға болмайды

0
812

Спутник-V» вакцинасының құрамбөлігі әр түрлі.


Ревакцинация: «Спутник-V» екпесін салуға болмайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, ресейлік екпе індетке қарсы қайта екпе салдыру үшін жарамсыз, деп жазады baq.kz.

«Спутник-V» вакцинасын ревакцинация кезінде салуға болмайды. Себебі оның құрамбөлігі әр түрлі. Құрамы ұқсас вакциналарды ғана егеді. «Спутник-V»- екпесінде бірінші және екінші компоненттері бірдей емес. Сәйкесінше, еліміздің аумағында ревакцинация үшін бірінші және екінші компоненті бірегей вакциналарды қолданады, - деп атап өтті Алексей Цой Үкіметтің кулуарында.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 136 мың адам коронавирусқа қарсы екінші мәрте екпе алғаны туралы жазған болатынбыз.
Ал Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 1 компонентін 188 906 адам салдырып үлгерген. Оның ішінде аталған екпемен 150 669 жасөспірім қамтылды. Сондай-ақ 38 237 жүкті және бала емізетін әйел вакцинацияланды. Екінші компонентпен 19 386 адам егілді.