Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысы Рудный қаласының аурханасынан шыққан алты жасар егіз балалар 12 сағаттан соң қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Қостанай облысының Рудный қаласында алты жасар егіздің өліміне қатысты "балалар есірткіден уланған болуы мүмкін" деген қауесет тарады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Әлеуметтік желіде тараған балалар есірткіден уланды деген ақпарат жалған, шындыққа жанаспайды. Жалпы кез келген жалған ақпарат үшін заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған", - деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мамандары "биологиялық өлім" дегеннен басқа мәлімет бермей отыр. Тергеуді облыстық полиция қолға алып, кешенді сараптамалар тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысы Рудный қаласының аурханасынан шыққан алты жасар егіз балалар 12 сағаттан соң қайтыс болды.
Олар Рудный ауруханасына жедел жәрдеммен12 қазанда сағат 8 шамасында түскен. Аяқтары жансызданып, өне бойы қалшылдаған балалар құсқысы келетіндерін айтып шағымданған. Балаларға инфузиялық терапия жүргізілген. Ауруханадан шыққанда балалардың денсаулығы қалыпты болған", - дейді Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Балалар ауруханадан шыққан соң 12 сағаттан кейін қайтыс болған. Шақыру орнына келген жедел жәрдем бригадасы 21.20-да екі баланың биологиялық өлімі туралы хабарлаған.
Айта кетері, балалар дәрігерлер бақылауында 1-ақ күн болған.