Сабақтан тыс спорт үйірмесін жүргізген педагогке 100 пайыз үстемеақы төленеді

0
758

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.


Сабақтан тыс спорт үйірмесін жүргізген педагогке 100 пайыз үстемеақы төленеді

ERNUR.KZ. Сабақтан тыс спорт үйірмесін жүргізген педагогке 100 пайыз қосымша ақы төленеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет жәнеспорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Сондай-ақ, Жолдауда мұғалімдердің әл-ауқатын арттыруға және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың жалақысын 25 пайызға арттыруға назар аударылды. Бұл бағытта министрлік тиісті жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өткім келеді. Мәселен, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25 пайызға ұлғаятын болады»,- деді вице-министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, бүгінде ҚР Парламенті Мәжілісінде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған заң жобасы қарастырылып жатыр. Құжаттың аясында мемлекеттік білім ұйымдарының педагогтарына сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы енгізу мәселесі пысықталуда.


«Мемлекет басшысының Жолдауында аталып өткен стратегиялық бағдарларды сапалы және уақытылы орындау үшін министрлік тарапынан барлық тиісті шараларар қабылданатын болады», - деді ол.