Сағатына 5 мың: Нұр-Сұлтан әуежайында "қымбат" тұраққа қатысты түсініктеме берді

0
2 678

​Халықаралық әуежай өкілі жүргізушілер қандай жағдайда тұрақ орны үшін бес мың теңге төлейтінін айтып берді.


Сағатына 5 мың: Нұр-Сұлтан әуежайында

ERNUR.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында тұрақтың бағасы сағатына бес мың теңге болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов айтты, деп жазады sputniknews.kz.


"Тұрақ қызметіне қатысты тариф бағасы 5 мың теңгеге дейін қымбаттағаны туралы ақпарат дұрыс емес. Әуежай азаматтардың қолайлылығы үшін қарсы алу және шығарып салуға арналған бекет маңындағы аумақтың бір бөлігін жолаушыларды көлікке жедел отырғызу және түсіру үшін 15 минут тегін ұсынып отыр. Бұл көрсетілген аумақ ұзақ уақыт бойы автокөлік қоюға арналмағандықтан, тұрақты 15 минуттан ұзақ пайдаланғандар 5 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы.


Ол азаматтарды қарсы алу және шығарып салуға арналған бекет маңындағы аумақ автотұрақ орны емес екенін ескертті.

Шәлекеновтің айтуынша, әуежай автокөлік қоюға арналған басқа да тегін және ақылы тұрақ орындарын ұсынады.


Желіде тараған ақпарат

Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында автотұрақ орнының бағасы 5 мың теңгеге дейін қымбаттағаны туралы ақпарат пайда болды.

Instagram желісін қолданушы тұрақтағы алғашқы 15 минут тегін болғанымен, жүргізушілер одан кейін тұрақ орны үшін әрбір сағатқа 5 мың теңгеден төлейтінін хабарлаған еді.