Сағынтаев Үндістанның студенттерін Алматыға "жасырын" әкелмек болғандар туралы айтты

0
398

Қала басшысы кейбір университет ректорлары үнді штамын елде тарату қаупі бар екенін ескермей, ақша табудың амалын ойлап, аталмыш елден студенттерді шақыруға тырысып жатқанын атап өтті.


Сағынтаев Үндістанның студенттерін Алматыға

ERNUR.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәслихат сессиясында Үндістанның студенттерін Алматыға "жасырын" түрде әкелмек болғандар туралы айтып берді, деп жазады nur.kz.

Әкім қалада қазірдің өзінде "британиялық" және "оңтүстікафрикалық" штамдар бар екенін еске салды. Ал жақында коронавирустың үнді штамын елімізге таратуы мүмкін үндістандық студенттерді Алматыға жасырын түрде әкелмек болғандардың әрекеті әшкереленген екен.

"Енді жетпегені үнді штамы еді. Жақында бізде Үндістаннан студенттерді жоспарлы түрде әкелу әрекеті болған", – деді әкім.

Қала басшысы кейбір университет ректорлары үнді штамын елде тарату қаупі бар екенін ескермей, ақша табудың амалын ойлап, аталмыш елден студенттерді шақыруға тырысып жатқанын атап өтті. Олар мұны "у-шусыз" жасауға тырысқанымен, билік мұндай әрекеттердің жолын кесіп үлгерген.

Әкім сонымен бірге барлығы "Үндістаннан қашуға тырысып жатқанын" алға тартты.

"Мұны жасырын жасағысы келді, бірақ оларды тоқтаттық", – деді Сағынтаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа штамдарының қаупі туралы айтқан еді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, әлемнің 130 елінде анықталған "британиялық" штамм мен 80 елде анықталған "оңтүстікафрикалық" штамм Қазақстанда да тіркелген.