12 жолаушының үшеуі бала болған.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында автобус аударылып түсті. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.
Полиция ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы 27 маусымда Бөгетсай кентінің маңындағы "Самара-Шымкент" автожолының 916-шақырымында болған. Автобуста 12 жолаушы, оның ішінде үш бала отырған.
"Паз-32054" автобусының жүргізушісі жол жүрісі ережесін бұзып, қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған уақытта көлік құралы тоқтағанға дейін жылдамдықты төмендетпей, көлікті басқара алмай, жүріп бара жатып оң жаққа аударылып түсті", - деп хабарлады ПД өкілдері.
Автобус отбасылық іс-шарадан Ырғыз ауданы Калинин ауылынан Ақтөбеге бара жатқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам "Қарабұтақ" трассалық медициналық-құтқару пунктіне көмекке жүгінді, оның ішінде жарақат алған екі адам және сүйегі сынған бір жолаушы Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.