Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды

0
1 000

​Суыт хабарды Салтанат Рақымбекованың күйеуі хабарлады. Ол үш апта бойы дертпен күрескен, 55 жаста еді.


Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды

ERNUR.KZ. Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

Ол үш апта бойы дертпен күрескен, 55 жаста еді.

Белгілі қоғам қайраткері "жасыл" экономикаға көшуге қатысты бастамаларды жүзеге асырумен айналысты. Ол жаңа қызметіне, 24 шілде күні ғана тағайындалды.

Ол 1965 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын тәмамдады, экономика ғылымдарының докторы.

Түрлі жылдарда қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, "Жасыл экономика" және G-Global дамыту коалициясының басқармасы басшысы, Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы төрағаларының бірі болды.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ және атқарушы директоры және EXPO & Women. халықаралық ұйымының директоры қызметтерін атқарған. "Құрмет" орденінің иегері.