Салтанат Тұрсынбекова алматылық студенттермен кездесті

0
414

Желтоқсан оқиғасы құрбандарының рухына тағзым етті.


Салтанат Тұрсынбекова алматылық студенттермен кездесті

Салтанат Тұрсынбекова Алматы қаласында бірнеше кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Салтанат Тұрсынбекова Штаб ұжымымен бірге 8 мыңнан астам студент білім алып жатқан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде болды. Кездесу соңында студенттер кандидатпен бірге Tik Tok желісіне видеоға түсті.


Сонымен қатар, Салтанат Тұрсынбекова адам саудасы, еңбекке заңсыз тарту сияқты мәселелермен айналысатын «Родник» дағдарыс орталығына да барды. Ол орталық басшысына маңызды әрі қоғамға қажетті жұмысы үшін алғысын білдірді.


Сондай-ақ, кандидат «Тәуелсіздік таңы» монументіне барып, гүл шоқтарын қойды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарының рухына тағзым етті.