"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып ұлыбританиялық азамат сайланды

0
766

Бұған дейін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.


ERNUR.KZ. Ұлыбритания азаматы Джон Дудас "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп жазады Тengrinews.kz.

Бүгін жалпы дауыс беру арқылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған. 2018 жылы мамырда қабылданған "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі Қордың директорлар Кеңесінің құрамынан кетті.

"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес, Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директорлардың арасынан көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Бұл жаңашылдықтар 2018 жылдың сәуірінде Елбасы мақұлдаған Қордың жаңа даму стратегиясына, сондай-ақ реттеуші функцияларынан меншік иесі ретінде мемлекеттің функцияларын нақты бөлуді көздейтін мемлекет қатысатын компаниялар үшін халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Биыл 1 қаңтарынан бастап Қордың директорлар кеңесі 7 мүшеден тұрады, олардың 4-уі тәуелсіз директорлар: Онг Бун Хви, Қайрат Мәжібаев, Джон Дудас және Альпер Акдениз, сондай-ақ президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев, Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов және Қор төрағасы Ахметжан Есімов.

Джон Дудас 1959 жылы 24 желтоқсанда туған, Ұлыбритания азаматы. Ол Gencor Ltd. және BHP Billiton сияқты халықаралық компанияларда басшылық қызметтерді атқарды, онда компания тобының бас коммерциялық директоры және маркетинг жөніндегі директоры, корпоративтік жоспарлау жөніндегі директоры және алюминий бөлімшесінің бас директоры болған. 2012 жылдан бастап Джон Дудас әртүрлі көпұлтты тау-кен және кәсіби сервистік компанипяларда тәуелсіз директор және Корпоративтік кеңесші болып жұмыс істеді. "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесіне сайланғанға дейін Джон "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ тәуелсіз директоры және директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді, сондай-ақ қазір Джон "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар Кеңесі жанындағы комитеттердің мүшесі.