«Қазхром» кәсіпорнында тағы да жұмысшы қаза болды

0
169

​Компания ресми хабарлама таратты.


«Қазхром» кәсіпорнында тағы да жұмысшы қаза болды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында «Қазхром» ТҰК» АҚ Дон тау-кен байыту комбинаты филиалында оқыс оқиға болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«4 қарашада Дон тау-кен байыту комбинаты («Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы) монтаждау жұмыстарын орындау кезінде мердігер ұйымның қызметкері биіктен құлады. Компания зардап шеккен адамға кәсіби медициналық көмек көрсетуге барынша күш салды. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн бойы күрескен, бірақ өкінішке қарай оны құтқару мүмкін болмады», – делінген кәсіпорынның хабарламасында.

Оқиға туралы тиісті органдарға хабарланды, тергеу жүргізілуде.